Өткен тәулікте Республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса, 71 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері ауырғандардың жалпы саны 36 921 болса, 394 өлім дерегі тіркелді. Жазылып шыққандардың саны 28 531 жетті.
Соңғы тәуліктің есебі бойынша Атырау облысында 3, Маңғыстау облысында 1 науқас тіркелді.
Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 140 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 23
Алматы қаласы – 15
Ақмола облысы – 14
Ақтөбе облысы – 4
Алматы облысы – 8
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 25
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 5
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 6
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 12
Солтүстік Қазақстан облысы – 9
Түркістан облысы – 2
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 110 542