Парижде 18 жасар жігіт тарих пәні мұғалімінің басын кесіп өлтірген. Онымен қоймай, қаза болған ұстаздың суретін твиттерге жариялапты. Шешен ұлтынан шыққан бұл жігіттің отбасы Ресейден көшіп келген көрінеді, 2008 жылы «босқын» мәртебесін алған.
Қылмыс Конфлан-Сент-Онорин коммунасында болған. Мұғалімнің денесі мектеп маңынан табылды. Оқиға куәгерлері оған шабуыл жасаған адамның «Аллаһу Акбар» деп айғайлағанын естіген. «Оның мұндай қадамға баруына мұғалімнің оқушыларға Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын көрсеткені себеп болуы мүмкін», дейді тергеушілер. Күдікті Эраньи қаласында қолға түскен. Полицейлерге қарсылық көрсеткен оған бірнеше рет оқ атылып, нәтижесінде ауыр жарақаттан көз жұмған.
Жан Франсуа Рикар, Францияның терроризм істері жөніндегі прокуроры:
Оның денесінен 9 оқ жарақаты анықталды. Сондай-ақ, өткір қару мен Airsoft типті газ тапаншасы табылды. Анықталғандай, қаза болған азаматта осы жылдың наурыз айынан 2030 жылға дейінгі Абдулах Абуезидовичтің атына берілген ықтиярхаты бар. Ол 2002 жылдың 12 наурызында Мәскеу қаласында дүниеге келген.