Пандемия ең алдымен кәсіпкерлерге қиын соқты. Әрқайсысы 8-10 млн теңгеге шығынға батқандардың арасында ондаған жылдар бойы осы саланың отымен кіріп, күлімен шыққандар да бар. Солардың бір тобы екі айдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен, тұщымды жауап ала алмай келеді.
Нақтырақ айтсақ, жергілікті биліктің білім ордаларындағы асханаларды мемлекеттік жекеменшік әріптестікке беріп жатқаны жан ашуын тудырған. Бизнесмендер «бір ауыз ескерткенде ғой» дейді. Ал қала әкімінің орынбасары мәселені басқаша шешуге тиісті болғанмен, келісімге қол қойдыру кезінде қулыққа барған көрінеді.
Бибігүл ІЗБАСОВА, кәсіпкер
Самат Ембергенов ГЧП-ға қарсы емеспіз деген қағазға 3 кәсіпкерге қол қойдырып алды.Дүйсенбі күні тендерге салынып болғаннан кейін ғана қол қойдырды.Оның мақсаты прокаратураға жазған арызымызға жауап ретінде қол қойылған қағазды пайдалану.Қалада мектептер салынып жатыр және тендер электронды түрде өтедіндіктен, жаңа мектептерді сіздерге береміз деді.Осылай бізді алдап қол қойдырып алып отыр.
Мектептер карантинге жабылған уақытта кәсіпкерлердің алдын ала сатып алған тағамдары бұзылып кетіпті. Одан қалса, індеттің кесірі кіріске де әсер еткен. Сондықтан олар шығынның орнын толтыру үшін тым болмаса 2 жыл жұмыс істей тұрсақ дейді.
Қасиет НҰРҒАЛИЕВА, кәсіпкер
Бізге ГЧП-ға қатысыңдар дейді. Біздің қатысуға 8-10млннан тамағымыз шіріп, далаға төктік. Оны ешкімге айтқан жоқпыз. Сонда біз ГЧПға қандай ақшамызбен қатысамыз. Біздің заң бойынша 3 жылға созатын мүмкіндігіміз бар. Келісім-шарт қолымызда тұр. Кеше 2020 да өтсек, 2023 жылдың аяғына дейін келісім-шартты созуға мүмкіндігіміз бар.
Облыстық әкімдіктің алдындағы наразы топқа «қырық айлалы» орынбасар мен білім беру басқармасының басшысы дереу жетті. Бірақ қай-қайсысы да кәсіпкерлерге «күдер үзіңдер» дегендей сыңай танытты. Өйткені, биыл 10, келер жылы 20 мектептің асханасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жұмыс атқаратын боп шешіліп қойған. Демек, енді тендерден ұтқандардың ғана айы оңынан туады деген сөз.
Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы
Бұл жеке кәсіпкерлер ГЧП-ның талаптары бойынша барлық өзгшеде кәсіпкерлермен конкурсқа қатыса алады. Бұл жоба осыдан екі жыл бұрын қарастырылған. Бұдан кейін де кәсіпкерерге хабарламалар берілген. Біз бәрін де түсінеміз. Бірақ, басқа да кәсіпкерлерге жағдай жасауымыз керек. Сол бағытта жасақталған жоба. Кәсіпкерлер қанша шығынға батты, батпағанын анықтауымыз керек. Қазір сол бағытта комиссия жұмыс жасайды.
Асхананың айналасынан басталған дау жуық арада шешілмесе, кәсіп иелері президентке дейін хат жазуға бекініп-ақ отыр.