ҚР бас мемлекеттік дәрігерінің №53-ші қаулысы негізінде түзету мекемелеріндегі кездесулерге қайта рұқсат етілді. Дегенмен жазасын өтеушінің туыстары ПТР тестілеуден өткенін растайтын құжаттың жарамдылығы 5 тәулікке дейін екенін ұмытпаған абзал. Ал мамандар ұзақ мерзімді кездесуге бір ересек адамнан ғана қабылдап жатқанын айтады.
Нұрлан СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЖД аға жедел уәкілі
Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару департаментіне қарасты мекемелерді, ұзақ мерзімді кездесу мекемелерін вирустық инфекциялар кезінде өңделу бойынша рұқсат етілген дезинфекция құралдарын қолдана отырып, желдетіп жұмыстары күніне екі рет тұрақты түрде жүргізіледі.