«Жүрек Жылуы» қоғамдық қорының күшімен жасалған тағы бір игі істің куәсі болдық. Еріктілер туабітті сал ауруына шалдыққан Шоқпартоғай елдімекенінің тұрғыны Артур Кенжалиевтің өтінішін орындап, халықтан жиналған қаражатқа үйіне сылақ жұмыстарын атқарумен қатар, кермелі төбе орнатып, кәріз жүйесін жүргізіп берді.
Азамат САТЫБАЛДИЕВ, ерікті
Артур бауырымыздың өтініші бойынша үйдің жуынатын жерді жөндеп, сыртын қамтап, үйдің ішкі бөлмесіне кермелі төбені тартып берген жайымыз бар.Осы жақсылыққа атсалысқан Жылыой халқына, осы жерлердегі еркітілерге Алла разы болсын.
Артурдың анасынан мүгедектікке және оның қараушысына берілетін 35 мың теңге жәрдемақымен ғана күн көріп отырғанын білдік. Ал оның үйді жөндеуге жетпейтіні бесенеден белгілі. Осы жағдайды естіген еріктілер мүмкіндігі шектеулі жанның мұң-мұқтажына мән беруді жөн көрген.
Артур КЕНЖАЛИЕВ, Шоқпартоғай елдімекенінің тұрғыны
«Жүрек Жылуына» рахметімді айтамын. Олар маған ыңғайлы қылып, сұрай отырып бүкіл жағдайымды жасап жатыр. Бәрін менімен ақылдасып жасап жатыр.