Маңғыстауда дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды. Оқыс оқиға Қарақия ауданындағы Шопан ата жолында болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен.
Бекболат ӘБДІҚАДІРОВ, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Дельтаплан құлап, зардап шеккен 1988 жылғы азаматқа көмек көрсету үшін оқиға орнына құрамында 5 адам бар құтқарушылар тобы барды. Екі қолы сынған азамматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Сол жерде зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен жардан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді.