«Атырау – адалдық алаңының» жобалық кеңсесі сауда орталықтарында параның зардабы туралы үндеу парақшаларын таратты. Еріктілер халыққа сыбайлас жемқорлықтың зардабы темір тордың арғы жағында өтелетінін түсіндіруге қанша тырысса да, назар аударған ешкім кездеспеді.
Тұрғындар бір жапырақ қағазға мән бермеді де. Алайда ұйымдастырушылар бұл бастаманың мемлекеттік қызметшіге пара ұсыну жағдайларын төмендетуге түрткі болатынына сенімді.
Дәурен ҚҰНДЫЗБАЙ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері:
Осы шара халыққа ықпал етіп, сыбайлас жемқорлықтың азаюына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Пара алған жағдайда тек мемлекеттік қызметшілер емес, пара берген тұлға да жауапкершілікке тартылатыны жөнінде парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.