Олардың арасында учаскелік инспекторға арналған тұрғын үймен біріктірілгендері де бар. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөзі хабар таратты.
Қазір өңірде 92 учаскелік полиция пункті бар, оның 27-сі облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан. Тек соңғы екі жылдың өзінде бірден 18 учаскелік полиция пункттері берілсе, оның ішінде 12 тұрғын үймен бірге жабдықталып, пайдалануға берілді.
«Пәтер + Жұмыс кабинеті» қағидаты бойынша жаңа полиция пункттерін салу тәжірибесі 2018 жылы басталды, яғни ғимараттың бір бөлігі кәсіби қызметке арналған, ал екінші жартысы учаскелік полиция инспекторының тұрғын үй аймағы болып есептеледі. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде өте ыңғайлы. Өйткені, бұрын учаскелік инспектордың басқа аумақтағы жұмысқа баруы үшін қиындық туындайтын. Қазір күндіз-түні жұмысының жанында болады.
Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ауылдық жерлерде бір учаскелік инспекторға 1 800 адамнан келеді, ал қалада бір инспекторға шаққандағы тұрғындар саны 2 500 мың болуы тиіс.