CaspianLife. 18 қараша. Ақтөбеде өз үйінің ауласында оққа ұшқан 49 жастағы кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Полиция 57 жастағы қала тұрғынын қолға алған. Қазір адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиға екі күн бұрын қаланың элиталық шағын аудандарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу үйге басып кіріп, оның иесіне оқ атқан. Әлеуметтік желілерде марқұмның қаладағы жанармай құю бекеттері желісін басқарғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.
Қоғамда резонанс тудырған қылмысты ашу үшін Ақтөбеге Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының тәжірибелі жедел уәкілдері жіберілген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиевтің айтуынша, қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Әсет ҚАЛИЕВ, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары:
«Қоғамда резонанс тудырған қылмысты ашу үшін Ақтөбеге Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратынан тәжірибелі жедел уәкілдер жіберілді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр».
Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ, Ақтөбе облысы

