Соңғы тәуліктің есебі бойынша, Атырау облысында коронавирус жұқтырған жалғыз адам тіркелсе, Маңғыстау облысында соңғы төрт тәулік бойына ешқандай адам дерт жұқтырмаған.
www.coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 27 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Бір қуанарлығы, 103 адам емделіп шыққан.
1 тамыздан бері барлығы 25 751 адам ауырса, оның 295-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Ал жазылып шыққандардың саны 5 694-ке жетті.