CaspianLife. 3 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Каспий теңізі арқылы 100 келіден астам есірткі тасымалдауды жоспарлаған халықаралық арнаның жолын кесті.
Арнайы операция барысында 1 қарашада шетелдік үш азамат ұсталды. Олар шекарашылардан катермен қашып кетпек болған. Сонымен қатар жағалау аумағында Қазақстанның тағы екі азаматы қолға түсті.
Күдіктілерден 22 келі апиын, 27 келі гашиш және 60 келі марихуана тәркіленді. Бұдан бөлек, заңсыз тасымалдау үшін пайдаланылған жылдам жүретін катер де тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мариям БЕРІКҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы
Фото және бейнематериалдар: ҚР ҰҚК

