CaspianLife. 30 қазан. Орал қаласында саяжай учаскесіндегі полиция қызметкерлері сора өсіретін фитозертхананы анықтады. Есірткі заттарын сақтады және сатты деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды.
Арнайы жабдықталған бөлмеден сораның бес түбі, желдеткіштер, арнайы шамдар, ауа сорғыш құрылғылар мен температура датчиктері табылды. Күдіктінің үйін тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған бес бума және сора тұқымы болуы мүмкін көп мөлшердегі дән тәркіленді. Операция «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес, бұл әрекет үшін мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп хабарлады БҚО Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Әлима Ғарифуллина.
Зарема ӨТЕПОВА, Батыс Қазақстан облысы
Фото иллюстративное

