CaspianLife, 22 қыркүйек. Қала күніне орай апатты деп танылған үйлерде тұратын 60 отбасы жаңа пәтерге көшіріліп, әлеуметтік осал санаттағы 17 азамат баспанамен қамтылады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 210 пәтер берілді. Жыл соңына дейін тағы 13 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.
Тұрғын үй мәселесін шешудің тағы бір тетігі – жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау. 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 844 азамат осы бағдарлама аясында субсидия алып отыр.
Қазір «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесінде облыс бойынша 47 357 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген. Оның ішінде 31 864 азамат Атырау қаласында тұрғын үй кезегінде тұр.
Өңірде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту және апатты үйлердің тұрғындарын жаңа пәтерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда.

