CaspianLife, 18 қыркүйек. Caspian News телеарнасы көрермендеріне қуанышты жаңалығын жеткізеді.
Енді Caspian News телеарнасының эфирін жоғары сапалы HD форматында тамашалауға болады.
Телеарнаның HD форматқа көшуі TV+ және ID TV платформаларында іске қосылды. Бұл өзгеріс көрерменге жаңалықтар мен бағдарламаларды бұрынғыдан да анық, қанық әрі сапалы бейнеде көруге мүмкіндік береді.
Caspian News үшін бұл техникалық жаңару ғана емес, көрерменге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам.
Біз ақпаратты жедел әрі шынайы жеткізумен қатар, оны заманауи технология талабына сай жоғары сапада ұсынуға ұмтыламыз.

