CaspianLife, 7 қыркүйек. 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығудың жаңартылған ережелері күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылаудан өту кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттардың, соның ішінде төлқұжаттың болуын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, Қытай Халық Республикасына кіру және одан шығудың қолданыстағы талаптарымен танысу ұсынылады. Сондай-ақ жолаушыларға әуежайға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келіп, бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.
Әуекомпания Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің қолданыста екенін еске салады. Қазақстан Республикасының азаматтары Қытай аумағында бір сапар аясында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз тұрақтай алады.
Дереккөз: FlyArystan әуекомпаниясы

