Caspianlife, 7 қыруүйек. ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Альянс мүшелері алдымен жаңа квоталарды келісіп, жалғасып жатқан әскери қақтығысқа байланысты тәуекелдерді бағалауы қажет. Бұл туралы жексенбі, 6 қыркүйекте өткен кездесудің қорытындысына сілтеме жасап, Forbes.kz жазды.
ОПЕК+-тің жеті негізгі мүшесі – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир, Қазақстан және Оман – қазан айындағы мұнай өндіру квоталарын өзгеріссіз қалдыруға келісті. Бұдан әрі мұнай жеткізілімдерін ықтимал қысқарту мәселесін қарау үшін елдер алдымен өндірістің жаңа деңгейлерін өзара келісуі тиіс.
Бұл шешім аталған жеті елдің мұнай өндіру квотасын жалпы тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдауынан кейін қабылданды. Атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Ресейге өндірісті тәулігіне 62 мың баррельден, Иракқа 26 мың, Кувейтке 16 мың, Қазақстанға 10 мың, Алжирге 6 мың, Оманға 5 мың баррельге арттыруға рұқсат берілді.
Осы өсімді ескере отырып, Қазақстанның 2026 жылғы қазан айындағы мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,628 млн баррель деңгейінде бекітілді.
Кездесу Иранмен жалғасып жатқан әскери қақтығыс аясында өтті. Қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспорты бұзылып, бұл ОПЕК+-тің мұнай бағасына ықпал ету және нарықтағы үлесін сақтау мүмкіндіктерін шектеп отыр.
Дереккөз: Forbes.kz

