СaspianLife, 2 қыркүйек. Екі оқушы қыз лотос тұқымын 2 жыл бұрын Қытайдың маркетплейсінен сатып алған. Оны әуелі аквариумда өсіруге тырысқан. Нәтиже болмаған соң, қалған тұқымдарды үй маңындағы Перетаска арнасына сепкен.
Бір жылдан кейін алғашқы жапырақтар пайда болып, биыл жазда лотос гүлдей бастады. Екі жыл ішінде бірнеше тұқымнан шамамен футбол алаңындай лотос алқабы пайда болды.
Бұл лотос Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер қатарына жатады. Алқапқа қос қыздың құрметіне «Шаттық-Айым» деген атау берілді.

