Маңғыстау облысының Қарақия аудандық сотында азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, Д. есімді азамат 6-наурыз күні Маңғыстау аудандық сотының қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «Volkswagen Golf-5» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, ол өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.