CaspianLife, 24 маусым. Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысының (ГКДҚ) құрылыс алаңында қарлығаштардың 13 белсенді ұясы анықталды. Құстар бақылау-өткізу бекетінің ғимаратын мекендеп, қазіргі уақытта балапан басып отыр.
Ұяларды еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандары аумақты жоспарлы тексеру кезінде тапқан. Барлық 13 ұя белсенді деп танылды, яғни құстар оларды дәл қазір көбею кезеңінде пайдаланып жатыр.
Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, ұя салған орындар қорғауға алынды. Сондықтан маусым аяқталғанға дейін қарлығаштарды мазалауға тыйым салынады. Құстар ұяларын тастап кеткеннен кейін мамандар қайта тексеру жүргізіп, ғимаратқа қатысты алдағы шараларды анықтайды.
Жылына 1 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы ГКДҚ құрылысын жүзеге асырып жатқан GPC Investment компаниясы экология мен биоалуантүрлілікті сақтау кен орнындағы жұмыстың ажырамас бөлігі екенін атап өтті.



