Caspianlife, 11 маусым. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы мұнай өндіру болжамына нақтылау енгізді. Оның айтуынша, Қазақстан биыл шамамен 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш екі ірі нысанда болған сыртқы және өндірістік тәуекелдер ескеріліп нақтыланған.

