CaspianLife, 22 мамыр. Атырау облысы полиция департаментінде қосымша жұмылдырылған күштердің қатысуымен гарнизондық саптық жиын өтті.
Іс-шараға Астана қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келген полиция қызметкерлері тартылды. 21-23 мамыр аралығында өңір аумағында рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Негізгі мақсат — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, жол бойында және халық көп шоғырланатын аумақтарда бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.

