CaspianLife, 4 сәуір. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы мамыр айындағы мерекелерге байланысты жолаушылар ағынының артуына орай қосымша вагондар тіркеуді жоспарлап отыр.
6-11 мамыр аралығында 175 қосымша тіркеме вагон келесі бағыттар бойынша қатынайды (Ресей қалаларын қоса алғанда):
• Астана мен Алматы;
• Новосибирск және Саратов;
• Павлодар, Түркістан және Атырау;
• Пресногорьковская, Семей және Петропавл;
• Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау;
• Қазалы, Жезқазған және Сарыағаш;
• Өскемен, Қарағанды және Балқаш.
Бұл шара мереке күндері жолға шығатын 16 мыңнан астам жолаушыны қосымша орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

