CaspianLife, 23 сәуір. «Silleno LLP» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, құсты сапаны бақылау департаментінің мамандары байқап қалған.
«Бірнеше күн бойы алаңдағы қызметкерлер экологтармен бірге аққуға күтім жасады. Кейін «Silleno LLP» қызметкерлері аққуды Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тапсырды. Инспекция мәліметінше, мамандар құсты тексеріп, содан соң оны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жіберді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау және биоалуантүрлілікті сақтау жобаны іске асыру кезіндегі компания ұстанатын маңызды қағида болып қала беретіні атап өтілді.

