Caspianlife, 22 сәуір. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) газ-химия кешені 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап 1 млн тонна полипропилен жөнелтті.
«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша KPI полипропилен өндірісін 2024 жылмен салыстырғанда 50%-дан астамға арттырып, нық өсім көрсетті. Кәсіпорын 186,6 мың тонна өнім шығарды (ҚМГ үлесіне тиесілі). Ішкі нарықта полипропилен саудасы 71,3%-ға, ал экспортқа шығарылатын өнім көлемі 44%-ға артты.
KPI отандық өндірушілерді қолдау аясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік қоймалар желісінің құрылуы логистикалық шығындарды барынша азайтуға және отандық өңдеушілердің сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік берді. Компанияның барлық алаңдарынан (Атыраудағы зауыт қоймасын қоса алғанда) ішкі нарыққа жөнелтілген өнімнің жиынтық көлемі 2026 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 10 мың тонна полипропиленді құрады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы клиенттік база 105-тен 150 компанияға дейін өсті. Осы жылдың алғашқы үш айында қазақстандық клиенттер саны 165 компанияға жетті.

