CaspianLife, 15 сәуір. Мемлекет басшысының өкімімен Кәрібаев Нұрлан Серікбайұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

