CaspianLife, 10 сәуір. Бұл туралы бүгін таңертең Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
РФ Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өткен түнде кезекші әуе қорғанысы күштері Каспий теңізі акваториясы үстінде ұшақ үлгісіндегі тоғыз ұшқышсыз ұшу аппаратын ұстап, жойған.
Сонымен қатар хабарламада дрондардың теңіздің нақты қай бөлігінде жойылғаны және қандай нысандарға шабуыл жасалғаны нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ зардап шеккендер немесе қираулар туралы мәлімет берілмеген.

