CaspianLife, 3 сәуір. Атырау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны 10 млрд теңгені құрайтын құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС инвесторының құқықтарын қорғады.
Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған инвесторға электр энергиясы тарифтерін қолдану кезінде «Атырау Жарық» АҚ әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілерге қарастырылған заңды жеңілдіктерді есепке алмаған.
«Тек прокуратураның араласуынан кейін электр энергиясына тариф төмендетіліп, негізсіз есептелген төлемдерге қайта есептеу жүргізілді. Нәтижесінде инвестор ай сайын 600 мың теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік алды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құны 800 млн теңге болатын тауық етінен жартылай фабрикаттар өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан инвесторға да тарифтердің негізсіз жоғарылауын төмендету бойынша осындай көмек көрсетілгені атап өтілді.
Жалпы, облыс прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндіретін 15 кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтірді. Қабылданған шаралар ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасады.

