Caspianlife, 30 наурыз. Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 54 жастағы ер адамды ұстады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірген. Тінту кезінде оның үйінен салмағы 5 келіден асатын 62 түп қарасора табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

