CaspianLife, 30 наурыз. Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Тиісті Жарлық бүгін таңертең Akorda.kz сайтында жарияланды.
CaspianLife ескертпесі: «Батыс» өңірлік қолбасшылығы– Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің құрылымдық бөлімшесі. Ол 2003 жылы құрылған. Штабы Атырау қаласында орналасқан. Қолбасшылық Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

