CaspianLife, 30 наурыз. Ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) туралы алғашқы ақпарат бүгін күндіз әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген делінген фото мен видеолар WhatsApp арқылы таратылған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі CaspianLife редакциясына нақты мәліметтерді ашып айтпай, өңір аумағында ҰҰА құлағанын растады. Тек уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны қысқаша хабарланды.
«Нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді полиция.

