Caspianlife, 19 наурыз. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 наурызда №78 бұйрыққа қол қойды. Бұйрық «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен өнімдерін пайдалану, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» деп аталады.
Олег Тушканов атап өткендей, әуесқой (спорттық) балық аулаудағы ең маңызды өзгеріс – түнгі уақытта, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден келесі күнгі 06:00-ге дейін балық аулауға тыйым салу.
Осылайша, құқықтық қайшылық жойылды. Бұған дейін құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметі балықшыларға түнгі уақытта су айдындарына шығуға тыйым салса, ал балық шаруашылығы инспекциясында мұндай нақты шектеу қарастырылмаған болатын.
«Аталған бұйрық 2026 жылғы 13 мамырдан бастап күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап түнгі уақытта қармақпен балық аулауға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді О. Тушканов.