CaspianLife, 18 наурыз. Бұл оқиға кеше Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған — «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

