CaspianLife, 5 наурыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы азаматтық нысандарға ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасауына байланысты өз ұстанымын білдірді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайды.
«Сонымен қатар Мемлекет басшысы Иранмен бірлесіп аталған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізіледі деген үміт білдірді. Сондай-ақ өңірдегі шиеленістің ушығып кетуіне жол бермеу үшін жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін атап өтті», — деп жазды Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында.

