Caspianlife, 23 қазан. Бүгін Самара – Шымкент тасжолында, Белқопа ауылына жақын маңда DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,
«…жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен “ГАЗель” көлігінің 10 жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді».
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі Жүргенов атындағы ауылдан облыс орталығына ресми түрде жолаушы тасымалдаумен айналысқан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жол апатының барлық мән-жайы анықталуда, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.