CaspianLife, 15 қазан. Бүгін Атырау облысы аумағында «Іздеу» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 17 қазанға дейін жалғасады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «іс-шараның мақсаты – мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген адамдарды анықтау және ұстау, хабар-ошарсыз жоғалған азаматтарды іздестіру, сондай-ақ жеке басы анықталмаған мәйіттердің тұлғасын анықтау».
Полиция өкілдерінің айтуынша, рейд барысында мекенжайлар бойынша тексерулер жүргізіліп, іздеуде жүрген адамдар туралы мәліметтер нақтылануда және оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын қатаң сақтау және күдікті адамдарды немесе оқиғаларды байқаса, дер кезінде полицияға хабарлау қажеттігін еске салуда.