CaspianLife, 14 қазан. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Әккенженов осы туралы мәлімдеді.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, министр қаңтар-қыркүйек айларындағы отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, аталған кезеңде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 75,7 млн тонна болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2% құрайды. 2025 жылға арналған жоспар – 96,2 млн тонна.
«9 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 60,5 млн тонна болды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,9%. 2025 жылға арналған жоспар – **70,5 млн тонна», — делінген хабарламада.
Е. Әккенженовтің айтуынша, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында мұнай өнімдерінің өндірісі 11,6 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,1%. Жыл қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімі өндіріліп, бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 100,7% болмақ.
Ал мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 477,2 мың тонна болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8%). 2025 жылға арналған жоспар – 589,7 мың тонна немесе 2024 жылғы көрсеткіштің 109,2%.