CaspianLife, 9 қазан. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Қазақстан мен Катар мемлекеті арасындағы қазақстандық азаматтардың Катарда (Таяу Шығыс) еңбек етуін реттеу туралы келісімді ратификациялады.
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, құжат қазақстандықтардың Катарда ресми түрде жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалыптастырады және тараптардың өзара міндеттемелерін айқындайды.
«Катардағы жұмыс беруші қызметкерлердің жолақысы мен отанына қайту шығындарын өз мойнына алады, сондай-ақ оларды тұрғын үймен, көлікпен, медициналық қызметпен және ақылы еңбек демалысымен қамтамасыз етеді. Келісімде мамандарды жұмысқа қабылдау үшін үлгілік еңбек шарты және екі ел арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіріп, туындайтын мәселелерді шешуге арналған Бірлескен комитет қарастырылған», — деп жазды М. Споткай.