Caspianlife, 7 қазан. Атыраудағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) газ-химия кешенінің қызметкерлері ресейлік СИБУР компаниясының «Simatic S7-1500 контроллері негізіндегі жүйелерді пайдалану және қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша оқудан өтуде.
KPI баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу корпоративтік даму және кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр. Сабақты СИБУР компаниясымен серіктестік аясында сертификатталған жаттықтырушы Виталий Винокуров жүргізуде. Бағдарлама Siemens Simatic S7-1500 контроллерлері негізіндегі заманауи автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істеу, оларды баптау, диагностикалау және техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.
«Бұл оқу автоматтандыру және өнеркәсіптік электроника саласындағы мамандардың құзыреттерін дамытуға маңызды қадам болады. Бұл KPI компаниясының заманауи технологияларды енгізу және өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді», — делінген хабарламада.
Анықтама үшін:
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС — Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының операторы.
«СИБУР Холдинг» ЖАҚ — жаһандық мұнай-газ-химия саласында қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі және Ресейдегі полимерлер мен каучуктар өндіру бойынша жетекші кәсіпорын.