Caspianlife, 24 қыркүйек. Бүгін жұмыс күні ортасында Новороссийск қаласының орталығына ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) қолданылған жаппай шабуыл жасалды.
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметі хабарлағандай, соның салдарынан тұрғын үйлер мен қонақүйден бөлек, «КҚК-Р» АҚ-тың қалалық кеңсесі зақымданған.
«Компанияның екі қызметкері әртүрлі дәрежеде жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Әкімшілік кеңсенің жұмысы уақытша тоқтатылды, қызметкерлер эвакуацияланды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, шабуыл салдарынан КҚК кеңсесі орналасқан ғимаратта компания қызметкерлеріне жатпайтын адамдардың қатты зардап шеккені нақтыланды.