CaspianLife, 25 тамыз. Бұл мәселе Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Даурен Абаев пен Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің кездесуінде талқыланды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің хабарлауынша, Даурен Абаев Астрахан облысына жасаған жұмыс сапары аясында 10-шы Каспий медиафорумына қатысып, сондай-ақ Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.
Кездесу барысында өңір басшысымен өнеркәсіптік кооперация, инвестиция және логистика, кеме жасау және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әсіресе, биыл күзде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумына байланысты шекара маңындағы өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді.
«Өзара сауда көлемін арттыруға «Атырау – Астрахан» автотрассасын күрделі жөндеуі мен «Құрманғазы» өткізу пунктін қайта жаңғырту оң әсер етеді. Тараптар Астрахан және Атырау облыстарының шекарасында көлік-логистикалық хаб салуға мүдделілік білдірді», – делінген хабарламада.
Сауда байланыстары мен көлік инфрақұрылымын нығайтуға Астрахан облысының логистикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің дамуы да ықпал етуде. Осыған байланысты Елші аталған бағыттағы маңызды транзиттік нүкте болып табылатын жергілікті порттардың жұмысымен танысты.
Биылғы жыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өтуде. Қазақстандық серіктестермен бірлесіп, астрахандық жоғары оқу орындары осы айтулы датаға арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Ата-бабалардың ерлігіне құрмет ретінде Елші «Мәңгілік даңқ алауына» гүл шоғын қойды.