CaspianLife, 18 тамыз. Бүгін «Атырау жылу желілері» ЖШС қала бойынша ыстық су беру толық тоқтатылатынын тағы бір мәрте еске салды.
Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты. Капиталды жөндеу кестесіне сәйкес, қаладағы магистральдық жылу желілерінде «толық тоқтау» (техникалық термин) жүргізіліп, барлық жылу пункттерінен ыстық су уақытша ажыратылады. Хабарламада нақтыланғандай, қала бойынша ыстық су 18-28 тамыз аралығында болмайды.