CaspianLife, 28 шілде. Бүгін жергілікті уақыт бойынша шамамен 12:12-де ТЖМ кезекші бөліміне Астрахань қаласы, Ляхова көшесі, 6-үй мекенжайындағы тұрғын үйдің бір бөлігінің құлағаны туралы хабар түсті.
Бұл жөнінде Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин Telegram-арнасында хабарлады. Өңір басшысы оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб құрылып, оның құрамына барлық жедел қызмет өкілдері, соның ішінде денсаулық сақтау министрлігінің мамандары да кірді.
«Құтқарушылар жұмыс істеуде. 96 қызметкер мен 28-ден астам техника жұмылдырылды. Қосымша күштер мен құралдар тартылуда. Зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ», – деді губернатор.
Оның айтуынша, алғашқы кезеңде 15 адам эвакуацияланды. Құлау себебін анықтауға бағытталған барлық шаралар қолға алынуда.
Ресей ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «құтқарушылардың негізгі күші ықтимал зардап шеккендерді іздеуге бағытталған: үнсіздік минуттары жариялануда. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шеккен».