Тамыздың 5–7 күндері «Такси» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, патрульдік полиция қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірге республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы ережелері 316 рет бұзылғанын анықтаған.
Атырау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы:
– Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған 53, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 3, көлік құралын басқарған кезде телефон пайдаланған 2, қауіпсіздік белдігін тақпаған 4, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен 2, көлік құралын басқару құқығы жоқ 2 жүргізуші анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің баптарына сәйкес хаттамалар толтырылды. Екі көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Атырау–Орал, Атырау–Астрахан, Доссор–Құлсары жолдарында карантин режимінің талаптарын бұзып, көлік салонына 6 жолаушыдан отырғызған жүргізушілер анықталып, жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.