CaspianLife, 25 маусым. Жаңа жеке куәлікті енді толықтай онлайн режимде алуға болады. eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында үйден шықпай-ақ құжатты қайта рәсімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлесуімен жүзеге асырылды.
eGov.kz порталында қызметті қалай алуға болады?
Қызметті алу үшін eGov.kz электрондық үкімет порталына кіріп, авторизациядан өту керек. Қажетті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өтесіз, мәліметтерді толтырып, сұранысты қол қою тәсілдерінің бірімен бекітесіз және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлейсіз.
eGov Mobile қосымшасында қызметті қалай алуға болады?
Мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, қызметті таңдайсыз, биометриялық сәйкестендіруден өтесіз, мәліметтерді толтырып, құжатты алу орнын көрсетесіз, мемлекеттік баж салығын төлеп, өтінімді Face ID немесе Touch ID арқылы растайсыз.
«Жеке куәлік пен ҚР паспорты беру» қызметін кім пайдалана алады?
Бұл қызмет тек жеке куәлік иесінің өзіне ғана қолжетімді. Басқа адам үшін, сенімхатпен не қамқоршылықпен де өтінім беру мүмкін емес.
Жеке куәлікті онлайн қалай және қай жағдайда ауыстыруға болады?
Жеке куәлікті онлайн тек оның қолдану мерзімі аяқталған жағдайда ауыстыруға болады — мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын және мерзімі өткеннен кейін 10 күннен кеш емес уақытта.
Құжатты қайдан және қашан алуға болады?
Дайын құжатты өтініш беруші көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындау мерзімі – 15 жұмыс күні.
Мемлекеттік баж салығының мөлшері қанша?
Қалыпты рәсімдеу мерзімі үшін — 0,2 АЕК. Жедел рәсімдеу кезінде 3 жұмыс күніне — 1 771 теңге, 1 жұмыс күніне — 3 372 теңге.
Онлайн өтінім беру кезінде қандай ақпараттық қауіпсіздік шаралары қарастырылған?
Өтінім беру Digital ID қауіпсіз жүйесі арқылы жүргізіледі. ИИН мен телефон нөмірі Мобильді азаматтар базасымен салыстырылады, бір реттік код жіберіледі. Одан кейін биометриялық сәйкестендіру қажет – бұл қосымша қауіпсіздік шарасы.
Биометриялық деректер қалай қорғалған?
Барлық биометриялық мәліметтер шифрланған күйде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қауіпсіз жүйесінде сақталады. Digital ID жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік актісі бар.
Биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса не істеу керек?
Жеке ерекшеліктерге байланысты (жарақат, жасы, бет әлпеті т.б.) сәйкестендіру мүмкін болмаса, бұл бас тарту болып саналмайды. Мұндай жағдайда жүйе ЦОН-ға барып қызметті алуды ұсынады.
Қызмет туралы толық ақпаратты eGov.kz порталындағы қызмет төлқұжатынан табуға болады. Жоба ІІМ, ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитеті және «ҰАТ» АҚ бірлесіп жүзеге асырылды.