CaspianLife, 25 сәуір. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) 2025 жылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифінің төмендейтінін хабарлады.
АМӨЗ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа тариф (ҚҚС-сыз) тоннасына 47 мың теңгені құрайды. Бұл бұрын қолданыста болған тоннасына 54 450 теңге деңгейінен 7 450 теңгеге төмен. Тарифті қайта қарау туралы шешім отандық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізетін жер қойнауын пайдаланушылар үшін табыстылықты теңестіру мақсатында қабылданған. Бұл тәсіл мұнай саласының барлық қатысушылары үшін экономикалық жағдайды теңестіріп, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын нығайтуға ықпал етеді.
«Тарифтің төмендеуі АМӨЗ-дің несиелік міндеттемелерін өтеу кестесін оңтайландыру арқылы жүзеге асты. «АМӨЗ» ЖШС тұрақты даму, ашықтық және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сала серіктестерімен конструктивті өзара іс-қимыл қағидаттарына адалдығын растайды», – делінген хабарламада.