CaspianLife, 24 сәуір. Бүгін таңертең Атырау қаласының орталық көшелерінің бірінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы 112 пультіне хабарлама түсті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына кезекші бөлімшелер келген кезде өрт 13 және 14-қабаттарды қамтып, жалпы 450 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын басқа бөлмелерге таралмай, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.