CaspianLife, 23 сәуір. Ол – 37 жастағы жергілікті маман Қуаныш Қабдулов. 2009–2012 жылдары аралығында «Атырау» жастар командасының бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеген.
«Атырау» футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2013 жылы Қ.Қабдулов «Атырау» футбол орталығының басшысы болып тағайындалып, сол жылы 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен.
2014–2020 жылдары аралығында ол «Атырау» негізгі командасының бапкерлік штабында бас бапкердің көмекшісі және бас бапкер қызметтерін атқарды. Осы кезеңде мұнайшылар Қазақстан Кубогының финалына екі мәрте (2017 және 2019 жж.) шыққан.
2021–2022 жылдары Қуаныш Қабдулов алдымен «Туран» клубында көмекші бапкер, кейін бас бапкер болды. Ал өткен маусымда Ақтаудың «Каспий» клубын басқарып, Бірінші лигада қола жүлдеге ие болды. Биылғы жылы ол «Атырау» клубындағы QJL (жастар лигасы) командаларының үйлестірушісі қызметін атқарды.