Caspianlife, 13 наурыз. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) E-Salyq Azamat және E-Salyq Business мобильді қосымшаларында алаяқтық әрекеттер анықталғанын хабарлады.
Осыған байланысты МКК e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлер арқылы e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген күдікті файлдарды ашпау (e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшалары мессенджерлерге ешқандай хабарлама жібермейді);
WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлер арқылы e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
Қажетсіз мәліметтерді (Т.А.Ә., байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа деректер) толтырмау және ұсынбау.
Техникалық мәселелер бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларының қолдау қызметіне support_portal@kgd.minfin.gov.kz поштасы арқылы хабарласуға болады.
Дереккөз: Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты.