Caspianlife, 11 наурыз. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов Атырау облысындағы Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысының барысын тексерді.
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспекция барысында бас мердігер «Kazakh Construction Group» ЖШС өкілдерімен кеңес өткізілді. Құрылыс маусымының басталуына байланысты жұмысты жеделдету мәселелері талқыланды. Алаңда үздіксіз жұмысты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мердігерлерге материалдар мен жабдықтарды дайындауға арналған тапсырыстарды уақытылы орналастыру тапсырылды.
HSE талаптары мен өрт қауіпсіздігін сақтау маңыздылығы атап өтілді. Құрылыс алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тасқынға қарсы іс-шаралар жүргізуге ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, жер қазу және бетон жұмыстарын орындау үшін қосымша қосалқы мердігерлік компанияларды жұмылдыру мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта олардың бірі құрылыс алаңына жұмысқа кірісті.
Іссапар қорытындысы бойынша басқарма төрағасының орынбасары құрылыс барысындағы айтарлықтай ілгерілеуді, әсіресе жабдықтар мен металл құрылымдары монтаждау бөлігін ерекше атап өтті.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы жағдайы:
— Жалпы 977 адам және 187 техника жұмылдырылған;
— Свайлар толық орнатылды (4 541 дана – 100%);
— ГКДҚ-дағы (Ұңғыма өнімдерін жинау пункті) іргетас құю жұмыстары 57%-ға аяқталды (66 812 м³-тің 38 512 м³);
— Металл құрылымдарын монтаждау 14,3%-ға орындалды (19 323 тоннаның 2 389 тоннасы);
— Механикалық жабдықтарды монтаждау 15,2%-ға аяқталды (9 939 тоннаның 1 508 тоннасы).
Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жұмыс қарқыны жеделдетіліп, жобаны белгіленген мерзімде аяқтау үшін қосымша ресурстар тартылды.