CaspianLife, 28 ақпан. Бұрын бұл анықтама қағаз түрінде ғана беріліп, оны алу үшін төрт маманнан: терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларингологтан медициналық тексеруден өту қажет болатын.
«Электрондық үкімет» (eGov) сайтында хабарланғандай, жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/У медициналық анықтамасы енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұл құжатты бұрынғыдан да жылдам әрі оңай алуға мүмкіндік береді.
Бұрын бұл қызметті eGov.kz порталында пайдалануға болатын, ал 2024 жылдың қараша айында іске қосылғаннан бері Қазақстан азаматтары 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеген. 073/е медициналық анықтамасы – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол адамның көлік басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды.
Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде ала алатын, ол үшін төрт маманнан медициналық тексеруден өту қажет болатын. eGov.kz порталында бұл қызмет іске қосылғаннан кейін процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өткен соң электрондық үкімет порталында өтінім беріп, анықтаманы электронды форматта ала алады. Енді бұл құжатты рәсімдеу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.
Қызметті пайдалану үшін:
— eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;
— «Қызметтер» бөлімінде «Денсаулық сақтау» санатын таңдау;
— «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама (№ 073/е)» қызметін табу;
— Өтінімді Face ID/Touch ID көмегімен растау қажет.
Өтінім берілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат берілген күннен бастап бір жылға жарамды.
Жаңартылған функция Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Денсаулық сақтау министрлігінің бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде жүзеге асырылды.